Ғажайып әжелер
Аманкелді ауданы. Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде аудандық ауыл округінің бастауыш ардагерлер кеңесі, аудандық балалар кітапханасымен бірігіп «Ғажайып әжелер» атты сайыс өткізді. Халқымыздың ата-бабадан келе жатқан асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс-салтын, жақсы үлгі-өнегесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді көздеген 5 әже сайысқа қатысты. Олар өздерінің өнерлерін, шеберліктерін көрсете білді. Сайыс соңында 1орынды Байғабыл ауылынан келген Тұрсынкүл Әбдірова әже, 2 орынды аманкелділік Бөдеш Баймұханова және 3 орынды Кемер ауылынан келген Гүлсім Ахметова әже иеленді. –. Үкі Төлекбаева «Шебер әже» Тілеукен Өтекенова «Биші әже» атағын алды.