“Ауылым – менің жұмағым” фотобайқауы
Суреттегі баламыз Бәлдік Нұрәли Нұрымжанұлы. Ұлымыз Жанкелдин ауданына қарасты А.Байтұрсынов ауылындағы ата-әжесімен тұрады. Ауылда атасы мен әжесінің ыстық ықласына бөленіп өсіп келеді. Кішкентайымыз жазғы уақытта суға шомылғанды жақсы көреді. Жұбайым Альбина Құбашева екеуміз балақайымыздың жазғы күндері ауылда түскен суреттерін осы байқауға арнайы жолдап отырмыз.