Жаңа кітабы жарыққа шықты

Жерлесіміз, белгілі ою-өрнекші, өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдиннің  «Оюмен ой айтқан елміз» атты жаңа кітабы жарыққа шықты.02
Кітап Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында дайындалған. Редакторы – Оразбек Әмірбеков. Пікір жазғандар: Түркітанушы ғалым, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және "Күлтегін" сыйлығының иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қойшығара Салғарин және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, АрқМПИ аға оқытушысы Сапарбек Ұзақов.01
Шөптібай ағамыз гиннес кітабына кіруге лайық тұлға. Бүгінде оның қорында өз қолымен жасаған оюдың 3500 түрі бар, оның 2000-ы жарық көрген. 
"Қазақта ою туралы көп кітап шығарған адам жоқ. Сапар Төленбаев атасының ою кітабын Маргарита Өмірбекова шығарды. Әбдікәрім Нүрпейісовтің кітабы 250 оюмен тарады. Бұл кітап өткен жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арқылы мемлекеттік тапсырысқа кірген болатын. Алматыдағы «Сардар» баспасына тапсырылды. Баспа дайындап «Тарпаңбаев» баспаханасынан басып шығарды. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріне тарап жатыр, – дейді Шөптібай Байдәлдаұлы қуанышын бөліскенде.
Еске сала кетсек, автордың «Қазақтың ою-өрнектері» атты бірінші кітабы (2000 дана) 2006 жылы «Өнер» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен шығарылған болатын. 2011 жылы жеке кәсіпкер ағайыны Нұрымжан Сейітқасымовтың демеушілігімен «Ою ой, өрнек сал» атты екінші кітабы (1000 дана) баспа бетін көрген.  
Жаңа кітаптың форматы үлкен. 250 бет. Тиражы – 5000 дана.
 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓