Интеллектуалдық сайыс

Облыстық мешіттің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Рудный қалалық “Нұр” мешітінің “Әйел-қыздар секторында” Рамазан айының құрметіне әйел жамағаты арасында “Зейін” атты интеллектуалдық ойын-сайысы өткізілді.        
Бұл білім мен парасат деңгейі сарапқа түсетін жарыс сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау, әңгімелесу, ынталандыру секілді бағыттарда жүргізілді. Сайысқа қатысқан 15 адам жас айырмашылығына қарай үш топқа бөлінді. Ойын барысы 3 кезеңді қамтыды. Соның ішінде мешіт шәкірттері өздерінің терең білімдерін көрсетті.
Сайыс қорытындысында облыстан арнайы шақырылған қонақтар қатысушыларға тәрбиелік-тағылымды уағыз-насихат айтып, жеңімпаздарды марапаттады.
Интеллектуалдық сайысты ұйымдастырған сектор басшысы Аяулым Ермекқызы өз сөзінде мұндай ой-өрісті дамытатын жарыстар қатысушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, оларды тың ізденістерге, имани тәлім-тәрбиеге талпындыратындығын баяндады.
Қ.Маратқызы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓