Ептілік сыналған жарыс

Қостанай облысында екінші жыл қатарынан Тобыл жағалауында, табиғи рельефте су туризмінің техникасы бойынша облыстық жарыс өтті. 19-21 маусым аралығында өткен жарысты Қостанай облысы білім басқармасының дене шынықтыру және балалар мен жасөспірімдер туризмі аймақтық орталығы ұйымдастырды._DSC0033
Қостанай ауданының И.Ф. Павлов ауылында өткен іс-шараға облыстың әр аймағынан мықты командалар белсене қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 70-тен астам адамды құрады. Жарыс әртүрлі кезеңдерге бөлініп, командалар ең күрделі сынақтарды еңсеруі керек болды. Су туризмінің техникасы бойынша жарыс – кедергілерді жеңудегі нағыз шеберлік мектебі._DSC0049
 
_DSC0075
_DSC0074
_DSC0165Қорытынды бойынша:
– Сарыкөл ауданының "Алтай" командасы 1-орын;
– Қостанай ауданының "Степная братва" командасы 2-орын;
– Арқалық қаласының "Эдельвейс" командасы 3-орын иеленді._DSC0251

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓