Қарасуда әйел суға кетті

Марқұмның денесі бір тәуліктен соң жағаға шығарылды. Облыстық ТЖД хабарлағанындай, оқиға шілденің 30-ы күні Восток ауылы маңында болған. Азаматша арнайы құрылғыланбаған, адамдардың көзінен таса жерге шомылуға барыпты. Мүрдені іздестіруге тұрғындар мен аудандық ІІБ қызметшілері тізе біріктіре кірісіп, 31-шілде күні сағат 11:20-да тапты. Кейін анықталғандай, ол 43 жастағы Восток елді мекенінің тұрғыны болған. Жергілікті "Руденко" ЖК-нде жалданып жұмыс істеп келіпті. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓