Құқықтық көмек көрсетілді

УзынколҰзынкөл ауданындағы Ершов ауылының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді. Қарапайым халықтың заңды білуі мен сауаттылығын арттыруды "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы қолға алып отыр.
Құқықбұзушылық көрсеткішін нөлдік деңгейге дейін түсіру, жем-қорлықпен күресуге халықты жұмылдыру мақсатында "Нұр Отан" партиясы "StopҚылмыс" жобасын қолға алды. Осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру үшін партиялықтар ХҚКО-мен бірлесе Ұзынкөл ауданындағы Ершов ауылының тұрғындарымен кездесті. Шалғайдағы ауылдың азаматтарына әртүрлі бағытта құқықтық көмек берді. ХҚКО-ның мамандары 20 азаматтың жеке куәлігі, паспорты, құжаттарын қайта рәсімдеді.
– Ауылдық жерде тұратын азаматтарға заң тұрғысынан көмек керек. Сондықтан партияның облыс-тық филиалы ХҚКО қызметкерлерімен бірге мобилді топ құрды. Бұл бастаманың нәтижесінде көптеген азаматтар кеңес алып, құжаттары мен үй кітапшаларын қайта рәсімдеді, – деді "Нұр Отан" пар-тиясы облыстық филиалының кеңесшісі Абылай Кәкенов.
Партиялықтардың Ұзынкөлге сапары барысында халыққа Елбасының Жолдауы, партияның доктринасы, өзге де маңызы мемлекеттік құжаттар туралы кеңірек айтылды.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓