Полицейлер қызметімен танысты
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қостанай қаласының тұрғындары полицияның қалай жұмыс істейтінін көрді. Бүгін Қостканай облысы Полиция департаментінде Ашық есік күні өтті.
Ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері полицияның қару-жарағын және әскери техника мен жедел басқару орталығының жұмысын көрсетті. Сондай-ақ, келушілер полиция мұражайында ішкі істер органдарының қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысты.
Мәселен, Жұмасұлтановтар Ашық есік күніне бүкіл отбасымен келген. Оларға Жедел-криминалистикалық басқармасы ұсынған экспозиция ерекше ұнады. Мұнда георадар, топырақта түрлі заттарды табуға көмектесетін құрал бар. Сондай-ақ, көздің жасырын дақтарын, соның ішінде қанын көруге болатын жарық көздерінің жиынтығы. Одорологиялық чемодан-қылмыс орнынан иіс іздерін алуға арналған.


– Маған полицияның қалай жұмыс істейтінін білу өте қызықты болды. Мұнда жұмыс істеуге және қылмысты ашуға көмектесетін техникалар көп. Осындай іс-шара маған көп әсер қалдырды, – дейді Жадыра Жұмасұлтанова.
Көптеген полиция қызметкерлері іс-шараға өз балаларын ерте келген. Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының орынбасары полковник Людмила Гарашова қызының Анабель анасының жұмысын көріп қуанды.
– Кәсіби мереке қарсаңында біз күрделі, бірақ өте қажетті мамандықты таңдағанымызды мақтан тұтамыз. Мүмкін менің қызым да менің ізімді жалғайды, – дейді Людмила Гаражова.


Кенже Қонысбай,
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі