Іздеу салынады
Полицейлер Сарыкөл ауданының жоғалып кеткен тұрғынына іздеу салды. Қоскөл ауылының 57 жастағы тұрғыны Өсербай Мырзахметұлы Жантұров осы жылдың 7 маусымында із-түссіз кеткен.
Өсербай Сарыкөл ауылына жолға шығып, сол күйі хабарсыз қалған. Белгілері: орта бойлы, бойы 160 см, қара қысқа шашты. Киімі: қазақы жасыл түсті оюы бар ақ төбетей, тізеден жоғары қара сулық (плащ), велюр материалды қоңыр шалбар, тор көзді күрте, қара түсті қысқы аяқ киім киген.
Қандай да бір ақпараты бар адамдардан Сарыкөл полиция бөліміне 8 (71451) 2-13-68, 21-8-01, 8-705-460-07-60 нөмірлері бойынша хабар беру сұралады.