Сот шешімі – декреттік демалыстағы әйелдің пайдасында
Аппеляциялық сот алқасы мал дәрігерлік бақылау Комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының шағымын қайта қарады. Мекеме басшылығы бірінші инстанциялық соттың шешімін өзгертуді өтініш еткен.
Естеріңізге салайық, Қостанай қалалық сотының шешімімен, Айгерім Салинова есімді азаматша ведомствоның бас маманы лауазымы орнына қайта алынған болатын. Мемлекеттік мекемеге 337 350 теңге жалақылық берешегін қайтарып беру де міндеттелді.
Азаматтық іс материалы бойынша, азаматша 2012 жылдан бастап ҚР ауылшаруашылық Министрлігінің мал дәрігерлік бақылау және қадағалау Комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясында қызмет етті. Нақтысында, қаржылық қамту және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы лауазымында болды.Сол 2012 жылдың 20-ақпанынан бастап, декреттік демалысқа шыққан. Декрет кезеңінде ол екінші екінші бала туыпты. Ал нақ қазіргі уақытта Салинованың асырауында үш қаршадай бала бар.
Жұмысқа әйел қаңтардың 15-нен бастап шықпақ болған. Алайда сол күні ол өзінің қызметтен босатылғанын естіпті. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, жүкті немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелге қатысты еңбек келісім-шартын жұмыс берушінің өздігімен бұзуға жол берілмейді. Сондай-ақ, бұл кодексте еңбек демалысы кезінде нәресте үш жақса толғанша жұмыс орны сақталуы тиіс
Бүгінде үш баланың анасын орнына қайта орналастыру және оған 337 мың теңгеден астам қаржыны оның пайдасына өндіріп беру туралы сот үкімі шығарылды. Сот шешімімен келіспей, жұмыс беруші Салиноваға қызмет орнын қайтарып, алашақ жалақысын өндіріп беру туралы үкімді өзгертуді талап етіп, сотқа арызданды. Дегенмен аппеляциялық сот алқасы шығарылған шешімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.
Жандос Жүсіпбек