Жітіқарада 14 жасар бала суға кетті

Достарын судан алып шыға алмаған жеткіншектердің жылап жүргенін көрген бір әйел дереу полиция шақытқан. Әттеген-айы, сол жерде жүрген ересек азаматтардың бірі де баланы құтқаруға еш әрекет жасамаған.
Жітіқарадағы жағажай әкімдік қарамағына алынбаған, иесіз. Сондықтан мұнда күзет те жоқ, құтқарушылар суға шомылушыларға бақылау жасамайды.