Былтыр 232 суицидтік оқиға тіркелген
2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы өңірде суицидтік оқиғалар 27 пайызға азайған. Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов Рудный қаласында өткен жылы 13 өзіне қол жұмсау оқиғасы болғанын, бірақ алдыңғы уақыттармен салыстырғанда екі есе азайғанын айтты. Бұл – жастармен жүргізілген жақсы жұмыстың нәтижесі. Қай қалада, ауданда суицидке бейім адамдармен жұмыс нашар жүргізілсе, сол жерде өзіне қол жұмсағандар қатары да арта түскен.Облыстық әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткен жылы өліммен аяқталған суицидтің Қостанай қаласында – 30, Арқалықта – 32, өзіне қол жұмсау әрекетінің 37 пайызға өскендігін айтты.
Сонымен қатар, өзіне қол жұмсауға әрекет жасағандар Алтынсарин ауданында – 67, Әулиекөл ауданында – 50, Қамысты ауданында – 100 пайызға өскен. Қарабалық ауданында өзіне қол жұмсап көз жұмғандардың қатары 33 пайызға, Меңдіғара ауданында – 50, Ұзынкөл ауданында – 22 пайызға өскен, ал өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендер – 23 пайызға көбейген.
Ұзынкөл ауданының әкімі Қанат Сәрсенбаевтың айтуынша, суицид ауданға сырттан келгендер арасында жиілеген.