“7-20-25”: оңтайлы өзгеріс

"7-20-25" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін банктер 1 шілдеден бастап 20 пайыздан артық бастапқы жарна сомасын қабылдай алады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыстар департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.7-20-25Бұдан былай қарыз алушының қалауы бойынша тұрғын үй құнының 20 пайызынан артық соманы алғашқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі. Оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.
"Бұрынғы талап бойынша бекітілген бастапқы жарнаның тұрақты мөлшері қолында 20 пайыздан артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейту арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады. Сонымен бірге, банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. "7-20-25" бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңарып жатыр, – деді "Баспана" ипотекалық ұйымы серіктес-банктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қанат Әбдірайымов.
Қазіргі уақытта "7-20-25" бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын атқарып жатыр.
Айта кетейік, бағдарлама аясында ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФБанк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы несие береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓