Алаяққа алданып қалмаңыз
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда өңірде алаяқтық фактілері азаймай отыр. Полиция алаяқтық іс-әрекеттердің негізгі түрлері туралы хабардар ете отырып, тұрғындарды абай болуға шақырады.
Қостанайдағы ломбардтардың біріне келген алаяқ кепілге алтын алқасын қойып, несие алған. Сараптама кепілге алынған заттың алтын емес екенін көрсетіп берді. Шығын мөлшері 221 мың теңгені құрады. Полицейлер көп ұзамай күдіктіні ұстады. 43 жастағы қостанайлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
6 қыркүйек күні Қарабалық кентінің бір тұрғыны арызданып келді. Әйел өзінің бір танысына 209 келі етті сатуға берген. Танысы тауардың ақшасын бермей кетсе керек. Полиция іске араласып, алаяқты жауапкершілікке тартты. Ал Рудный қаласында өз танысының 18 мың теңгесін алдап алып кеткен 33 жастағы әйел ұсталды.
Мнауара
Қабдрахметова