Тәжірибе алмасты
Африкалық офицерлер Қостанайдағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға келді.
Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қылмыстық-атқару жүйесі саласында тәжірибе алмасу үшін келген Уганда және Тунис пенитенциарлық қызметтері делегацияларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
2019 жылы Қазақстан сотталғандар арасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕО-БҰҰ Жаһандық бағдарламасының қатысушысы болғанын атап өту қажет. Бұл бағдарламада Қостанай академиясы сотталғандарды дерадикализациялауды және олардың қоғамға оралуын қамтамасыз ететін түрме персоналы мен пробация қызметін оқыту және біліктілігін арттыру бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді.
Іс-шарада Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі және оны кадрлық қамтамасыз етудің жалпы таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, Тунис пен Угандадан келген әріптестер өз елдеріндегі экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеуге қызметкерлерді дайындау туралы айтып, сотталғандармен жұмыс істеудің осы бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәжірибесін бөлісті.

Сапар барысында қонақтар пробация қызметінің мамандарын даярлау орталығымен, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚАЖ мамандарын даярлау орталығымен танысып, Академияның магистранттары мен докторанттарымен кездесті.
Бұл кездесу экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу және пенитенциарлық мекемелерде зорлық-зомбылық тудыратын радикалданудың алдын алу бойынша ЕО-БҰҰ бірлескен жаһандық бағдарламасы шеңберінде өткізілді.

Бағдарлама Қазақстанда 2018 жылдан бастап БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ОӨК), БҰҰ Терроризмге қарсы күрес орталығымен, БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің атқарушы директоратымен әріптестікте іске асырылуда және оны Еуропалық одақ, БҰҰ және Нидерланды Үкіметі қаржыландырады.
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының
баспасөз қызметі