Екідіңдегі оқиға немене аяқталды?

Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов бүгін халық алдында есептік кездесуінде Арқалық қаласындағы қыз зорлау ісіне қатысты іске нүкте қойылғанын айтты.
22222
Іс материалдарында көрсетілгендей, 2018 жылдың 19 сәуірінде Арқалық қаласы Екідің ауылының 22 жастағы тұрғыны өзін 14 адамның зорлағанын, кейін жүкті болып қалғанын айтып, полицияға арыз жазған. Бірнеше күннен кейін ол белгілі адвокат Айман Омароваға хат жолдаған. Жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткендердің барлығы да бостандықта жүргенін жеткізіп, заңгерден көмек сұрайды. Бұл факт бойынша қостанайлық полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізді. Медициналық тексеру барысында барлық күдіктіге қатысты сот-генетикалық сараптама жасалды. Дегенмен сараптама күдіктілерге қатысты теріс нәтиже көрсеткен.
-Қыздың кімнен жүкті болғанын білу мақсатында сол Екідің, тіпті көрші ауылдағы ер адамдар тексерілді. Іске барлығы 40 ер адам қатыстырылды. Жауап алу барысында бойжеткеннің туысы онымен жыныстық қатынаста болғанын растады. Бірақ ол қатынасқа жәбірленуші өз еркімен барған, – дейді Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Нұрлан Арыстанов.
Осылайша, полицейлер бойжеткеннің кімнен жүкті болғанын анықтады. Ал 14 жігіттің ата-анасы бойжеткенді жала жапқаны үшін сотқа бермек.
11111
-Қылмыстық іске нүкте қойылғанда, сол уақытта барылығын дүрліктірген қорғаушы да, жәбірленушінің өзі де келмеді. Бұл іске қаншама қаржы, мықты тергеушілер жұмылдырылды. Ақыры аяғында, іс басқаша өрбіп отыр. Мәселен, бір ғана адамнан генетикалық сараптама алу үшін 800 мың теңгедей қаражат кетеді, – деді Бекет Аймағамбетов.
Айта кетейік, бұл іс Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қайта көтерілді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ.
Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓