11 азамат полиция көмегіне жүгінді
Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына Қостанай облысының 11 азаматы құқық қорғау мәселесі бойынша жүгінген. Әрбір өтініш бақылауға алынып, тиісті шешімдер қабылданды. Бұл жолы тұрғындарды Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов қабылдады.
Елена Кузьменко жарты жылдан бері саяжайын қасқана өртеген адамды таба алмай, шығынның орнын толтыра алмай әлек. Осы қылмыстық істі тергеу барысында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптама тағайындалды, бірақ күдікті адам әзірге анықталған жоқ. Елена Кузьменконың ойынша күдіктілерді іздеу үшін қажетті жұмыс жасалып жатқан жоқ деп санайды.
Қазіргі уақытта полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Н. Исмағұлов полиция бөлімінің басшысына осы қылмыстық істің тергелуін бақылау туралы тапсырма берді.
Ал Затобол кентінің тұрғыны Виктор Струговец құжаттар ұрлығы жөнінде өтініш білдірді. Соның салдарынан ол жергілікті кәсіпорында жұмыс істегендігіне дәлел келтіре алмай, тиісті еңбекақысын ала алмай жүр. Іс ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды. Қазіргі уақытта осы шешімнің күшін жою және істегі жаңа жағдайларды ескере отырып тергеуді қайта бастау туралы мәселе шешілетін болады.
Бастықтың бірінші орынбасары Н.Ысмағұловтың айтуынша, полиция халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуде, онда азаматтарды қабылдау және проблемалық мәселелерді шешуге ерекше назар аударып отыр.
-Қабылдау әр апта сайын жүргізілетінді, бұған қоса біз келушілерді департаменттің фронт-кеңселерінде тұрақты түрде қабылдаймыз. Көптеген өтініштер азаматтық-құқықтыққа байланысты. Бұл жағдайда біз қажетті кеңес және толық жауап беруге дайынбыз, – деп атап өтті Н. Исмағұлов.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі