Ұрылар 65 млн.теңгені қолды еткен

Қостанайда құрылыс материалдарын сататын дүкендердің бірінде ақша салынған сейф ұрыларға оңай олжа болды. Қылмыскерлер ірі сомада ақша салынған сейф тұрған үй-жайға пластикалық терезе арқылы кірген. Олар жалпы көлемі 65 млн.теңге болатын түрлі валютадағы қаражатты қолды етті.  Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
 «Сейфте 11,5 млн теңге, 300 мың ресей рублі, 150 мың АҚШ доллары болған, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде. – Жалпы шығын 64 миллион теңгеден астамды құрады. Қылмыскерлерді іздеу шарасы қабылданды».
Тергеу нәтижесі жайлы әзірге жаңалық жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓