Шекарашылар жарысы

Азаматтардың жоғары патриоттық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында, ҚР мемлекеттік шекарасын күзету тапсырмаларын орындауға дайын болу үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысындағы департаментінің шекарашылары Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімдігімен бірлесіп, Державин қаласында әскери-патриоттық іс-шаралар өткізді.Департаментінің арнайы мақсаттағы бөлімшесінің әскери қызметшілері қаланың стадионында заңсыз қарулы құралымдық мүшелерін және қызметтік иттердің көмегі арқылы мемлекеттік шекараны бұзушыларды іздеу және ұстау іс-әрекеттерін көрсетті.Шекараны күзету бойынша қару-жарақ, байланыс және техникалық құралдары көрсетілді.Шағын-футболдан жарыс өткізілді, оған 8 команда қатысты: Ақмола облысының Жарқайың, Есіл аудандарының полиция бөлімдері және Державин қаласының темір жол станциясындағы желілік полициясы бөлімі, Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Жарқайың ауданының «Олимпик», «Жарқайың мешіті», «Жарқайың» спортшылар командасы. Шекарашылар Қостанай облысы департаменті техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің жеке құрамының атынан команда шығарды.Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді.
Үшінші орын: Жарқайың ауданының "Олимпик" командасы.
Екінші орын: шекарашылардың командасы;
Бірінші орын: Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің командасы;
Үздікті қазылар алқасы келесідей анықтады:
Үздік шабуылшы: "Олимпик" командасының ойыншысы Серікбаев ҚанатНұрланұлы;
Үздік қорғаушы: Төтенше жағдайлар бөлімі командасының ойыншысыСадықов Дәурен Серікұлы;
Үздік қақпашы: Есіл ауданының полиция бөлімі командасының ойыншысыЖикибаев Қайрат Карекеевич;
Үздік ойыншы: техникалық және кәсіптік даярлау бөлім командасының ойыншысыефрейтор Шөптібаев Нұрхан Тойшыбекұлы.Іс-шара Шекара қызметінің ансамблі және Ақмола облысы Жарқайың ауданының әртістері қатысқан концертпен аяқталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓