«Қызғалдақ» экспозициясы ашылды
Арқалықтағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейіндеҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Көктем көркі – қызғалдақ» атты тұрақты экспозициялық көрме ашылды.



"Елбасымыз өзінің тарихи мақаласында атап көрсеткендей, қазақ даласы алма мен қызғалдақтың тарихи отаны екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым әрі ерекше гүлдер өзінің әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін баурап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының өскіндері", – дейді көрмемен таныстырған музейдің ғылыми қызметкері Гүлсім Ғабдулина.

Тағылымды шарада ақындар Молдатай Жапарұлы «Қызғалдақ бекеті», Батырлан Сағынтаев «Қызғалдақ ғұмыры – Құралай салқыны» атты өлеңдерін оқыды.
Іс-шараны музей директоры Асхат Хасенов қорытындылап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өскелең ұрпақ үшін берер тәлімі мен тәрбиесі зор екендігін алға тартты.
Мұрат Жүнісұлы