Қояндар қолды болды
Свердлов селосының тұрғыны полицияға асырап отырған үш үй қоянының қолды болғанын хабарлады. Ұры аулада тұрған торды бұзып, қояндарды алып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер жәбірленушіге 12 мың теңгенің шығынын келтірген күдіктіні анықтады. 58 жастағы жергі-лікті тұрғын кінәсін мойындады. Қаржы тапшылығына байланысты осындай қылмысқа бар-ғанын айтып ақталды. Оның үйінен қояндардың терісі тәр-кіленді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.