Полицей саған жезде емес!
Тәртіп сақшылары Қостанай қаласының тұрғынына қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 667-бабы (Полиция талабына бағынбау) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын, сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде полиция өкілдерінің заңды талабына бағынбай, әкіреңдеп, былапыт сөйлеп тұрған жігіттің видеосы тараған болатын. Бір қызығы бұл тірлігін "батырлыққа" балаған болуы керек, әлем желіге әлгі видеоны заңбұзғыш жігіттің өзі жүктеген.
"Тексеру барысында қостанайлық азаматтың қала жағажайына көлікті айқындау нөмірлік белгісінсіз тізгіндегені анықталды. Заңбұзушылықты байқаған полицейлер хаттама толтырмақ болғанында, көлік иесі қарсылық білдірген. Сондай-ақ, полицейлерді балағаттап, қорлық көрсеткен", – деді Қостанай облыстық Полиция департаментінің өкілі Елена Кашарина.
Бұзақы қамауға алынған.