Кассадағы ақша ұрланды
7 қыркүйек күні түсте ер адам Затоболдағы бір дүкенге келіп, сатушының көзін ала беріп, кассадағы 15 мың теңгені иемденіп кетті. Қостанай аудандық ІІБ қызметкерлері ұрлық істеді деген күдікпен 26 жастағы заречныйлықты ұстады. Ол ұрлаған ақшаны жұмсап та үлгеріпті. Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 175 бабы(ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.