Отан қорғаны – Ұлттық ұлан (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қостанай қаласындағы "Мирас" мәдениет үйінде ҚР Ұлттық ұланының құрылғанына 26 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өтті. Оны облыс орталығында орналасқан 6697 әскери бөлімі ұйымдастырды.



Бүкіл ел бойынша мерекеленіп отырған атаулы күнде Ұлттық ұланның Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің жемісті де мерейлі қызметі жайлы бөлім командирі майор Ерлан Ипатов баяндама жасады.

-Осы жылдар ішінде мінсіз қызметі үшін 200-ден астам мемлекеттік қызметкер марапатқа ие болды. Соның ішінде 45 жауынгер ҚР президенті қолынан ордендермен марапатталды. Бұл Отанның қауіпсіздігін қамсыздандырушы ішкі әсердің мүлтіксіз қызметінен хабар береді. Жеке құрамның табанды да табысты қызметін бір баяндамаға сыйғызып айту мүмкін емес. Ұлттық ұлан құқықтық тәртіпті сақтауды жалғастыра бермек, – деді Е.Ипатов.



Суреттерді түсірген Бағдат Төлебай