30 адам өрттен арашаланды
Өрт Жітіқара қаласында көпқабатты үйдің пәтерінде болған. Алау ауқымы 30 шаршы метрді құрады. Бұл туралы облыстық өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тілсіз жау пәтердің балконында басталған. Ушыға келе, бөлмедегі заттарға, жиһаздарға тиген.
"Өрт кесірінен отыз адам ғимараттан тысқа шығарылды, олардың төртеуі бала. 25 жастағы ер адам жапа шекті. Оның бетін бірінші деңгейдегі күйік шалып, ауруханаға жеткізілді", – делінді облыстық ведомство хабарламасында.