Салауаттылық сәннен түспейді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ алаңында бүкіләлемдік денсаулық күніне орай көңілді де пайдалы іс-шара өтті. Оған мектеп оқушылары мен колледж студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Жүзден астам адам концерт тамашалап, музыкалық жаттығу жасап, би билеп, түрлі жарыстарға қатысты. Егделер жағы скандинавиялық жүру шеруіне шықса, жастар жүгірістен, қол күрес, гір көтеру, асық ату сынды спорт түрлерінен бәсекеге түсті.





Айта кетейік, бұл мереке өз бастауын сонау 1950 жылдан алады. 7 сәуір 1948 жылы бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) құрылған күніне байланысты таңдалған. Бүгінгі таңда БДСҰ-ға әлемнің 200-ге жуық елі мүше. Барлығы да дәл осы күні ортақ мерекені атап өтеді.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев