Қостанайға депутаттар келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің алты депутаты, Қостанай облысына жұмыс сапарларымен келді. Халық қалаулылары 3-12 қаңтар аралығында аймақты аралап, сайлаушылармен кездеседі.IMG_4220Депутаттар іс-сапардың алғашқы күні жергілікті журналистермен кездесіп, жұмыс жоспарларымен таныстырды. Мәжілісмендер, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшелері
Ирина Аронова, Альберт Рау, Василий Олейник, Александр Суслов, Иван Клименко және Серік Құсайынов астықты аймақта он күн бойы болады. Осы уақыт ішінде он бес қала, ауданға барып, медицина, білім беру мекемелері мен өндіріс ошақтарының еңбек ұжымдарымен кездеспекші. Әр жерде қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдауды жоспарлап отыр.
-Ауыл-аймақтарды аралау барысында маңызды мәселелерді қарастырамыз деген ойдамын. Мен Денисов, Таран аудандары мен Лисаков, Жітіқара, Рудный қалаларына бармақшымын. «Рухани жаңғыру», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған мәселелерге ерекше мән бермекпіз. Мені шағын қалалардың тағдыры алаңдатады. Жуырда Парламентте Арқалық қаласының болашағы туралы мәселе көтерген едім. Моноқаладағы боксит қорының таусылатыны туралы осыдан үш жыл бұрын айтылды. Шағын қалалардағы өндіріс ошақтарына дер кезін дем беру керек. Осы және өзге де мәселелерді сіздермен талқылауға дайынмын,-деді мәжілісмен А.Рау.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА,
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓