Бағыты айқын бастама

Қостанайда  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының саяси  кеңес мүшелерінің отырысы өтті. Аудандық филиалдың басшылары  бейнебайланыс арқылы іс-шараға қосылды. Жиында  Мемлекет басшысының  межелеген мақсаттары сөз болды. Бірінші кезекте мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданатындығы туралы айтылды. Бұл әлеуметтік саясатта оң өзгерістер болатындығының анық дәлелі дейді партия мүшелері.  Маңызды мәжілісте сөз алған аймақтық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағыты елде әлеуметтік өзгерістерге жаңаша серпін беретінін атап өтті.
001 - копия
 – Әлеуметтік саясатты тиімді әрі әділ жүргізу, адам капиталын дамыту – ел Президентінің алға қойған міндеттері. Бұл халықтың әл-ауқатын артыру мақсатынан туындап отыр. ҚР Президенті алға 10 маңызды міндетті белгіледі. Соның ішінде,  қазақстандықтарды баспанамен қамту, лайықты жалақы мен әділ әлеуметтік саясат – басты назарда, – деді Жаңабай Бисимбаев.
  Ол елімізде Қазақстанның үшінші жаңғыруы жалғасатынын атап өтті.  Басты міндет – қазақстандықтардың өмір сүрі сапасын жақсарту мен әл-ауқатын арттыру.
– Еліміздің жүйелі даму үрдісі одан әрі жалғасын табады. Азаматтарға сапалы медициналық қызмет түрлерін ұсыну, білім алуына жан-жақты қолдау, жағдай жасау жалағасады.  Мұғалімдер мен дәрігелердің мәртебесін көтеретін, олардың құқықтарын қорғайтын жаңа заңдар қабылданады. Материалдық жағдайларын жақсартатын шаралар да қолға алынатын болады,- дейді  Жаңабай Бисимбаев.
 Партиялықтардың сөзінше,   әлеуметтің әлеуетін әлдендіру әрдайым биліктің назарында. «Birge» акциясы аясында  партияның сайлауалды штаб мүшелері  түйткілді мәселерді қамтыған ұсыныстар мен талап-тілектерді жинады.  Кез келген азамат тиісті мәселені немесе оның  шешімін ұсынып, кандидатқа деген өз тілегін де жеткізу мүмкіндігіне ие болған. Облыс  бойынша 34 мыңнан астам ұсыныс  жиналды. Олардың барлығы да сараланып, талданатын болады.  Жұртты толғандырған мәселелер жауапты органдарға жолданады.
003 - копия
 Жиын барысында Президент айқындаған негізгі міндеттер: сот пен құқыққорғау саласын реформалау, аймақтарды дамытудың жаңа бағыттары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру,  көпвекторлық сыртқы саясатты жүзеге асыру мен жастарды қолдау жайы талқыға түсті. «Нұротандықтар» Мемлекет басшысының барлық бастамаларына  қолдау білдіретіндерін жеткізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓