Абзал жандар ардақталды

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні.  Осыған орай, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда салтанатты жиын болды. Медицина қызметкерлерін облыс әкімі  Архимед  Мұхамбетов құттықтап, олардың халық алдындағы жауапты еңбектері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, әкім өңірдің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді де атап өтті.
 
мед3мед4
"Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері және қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Адам жанына араша түсіп, әрдайым көмек қолын созатын ақ желеңді абзал жандарға көпшіліктің айтар алғысы шексіз. Жыл сайын өңірдің медицина саласын дамыту, тұрғындарға қолжетімді және сапалы қызмет көрсету жолында барлық мүмкіндіктер жасалуда. Біз мұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай денсаулық сақтау саласындағы игі істерді жалғастыра беретін боламыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа әлеуметтік саясаты аясында Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту бойынша бірқатар әлеуметтік шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, 1 қаңтардан бастап облыстағы сегіз мыңнан астам еңбекақысы төмен медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізген учаскелік қызметкерлерге еңбекақының 20-25% шегінде қосымша төлемдер қарастырылған. Ұлт көшбасшысы айтқандай, дені сау ұлт – біздіӊ болашағымыздыӊ негізі. Ал, осы саланың дамуына сіздердің де кәсіби біліктіліктеріңіз, қызметке деген адал сенімдеріңіз жол ашып келеді. Медицина саласында қажырлы еңбек етіп, денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосып жүрген сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін", – деді А.Мұхамбетов.
Жиын соңында денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөленіп келе жатқан бір топ медицина қызметкерлері “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін”, “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің  алғыс хаттармен марапатталды.
мед1мед
мед6мед5
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓