Адам жанының археологы

Қостанайда көрнекті қоғам қайраткері, жазушы Төлен Әбдіктің 75 жылдығына арналған әдеби-шығармашылық кеші өтті. Басқосуға елімізге танымал ақын-жазушылар, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысып, қаламгер жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. IMG_5605Шарада Төлен Әбдіков шығармаларындағы ұлттық болмыс, қаламгердің шығармашылық келбеті оның туындыларындағы рухани әлем суреттері мәселелері кеңінен талқыға түсіп, ақын жайлы ыстық ықыласқа толы жылы лебіздер айтылды. Кездесу кешті белгілі тележурналист, «Qostanai'» арнасының директоры Еркін Мұхамеджанов жүргізіп отырды. Қостанай облысының әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өңір басшысының құттықтау хатын оқып берді. IMG_5485– Сіздің қаламыңыздан туған көркем шығармалар қазақ прозасын жаңа деңгейге көтерді. Сіздің әңгімелеріңіздің негізінде бірнеше фильм түсірілді, театр сахналарында спектакльдер қойылды. Көрермендердің ыстық ықыласына ие болу жазушының шын бақыты болса керек. Сіз адамгершілік қасиеттерді бәрінен биік қоясыз. Ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратып, оқырманға ой саласыз. Мерейтойыңызды туған жер төсінде қарсы алдыңыз. Бұл біз үшін ерекше мәртебе саналады, – делінген Архимед Мұхамбетов жолдаған хатта.IMG_5497 Мұнан соң жүргізуші ортаға мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұхамедқалиді шақырды. Өз кезегінде жазушы досы туралы ағынан жарылды.
– Жалпы, әдебиеттің миссиясы адам жанын ізгілендіру болса, мұны Төлен мүмкіндігінше орындады. Төлен екеуміз студент кезден қатар өсіп, бірге іздендік. Пікіріміз де үнемі бір жерден шығып жатады. Адам жанының терең түкпіріне ену үшін Төленнің шығармаларын оқысаңыз жеткілікті. Оның қаламынан туған повестер қоғамдағы қалтарыстардан адасып жүрген пенделерге жол көрсетуші бола алады дер едім. Айналадағы қарама-қайшы пікірлердің арасынан ақиқатты нұсқайтын да осы Төлен, – деді ол. IMG_5614Иә, сөз зергерінің қолданған философиялық ойлары, психологиялық жағдаяттары, көкейтесті мәселелері мен жазу стиліндегі ерекшелік әлдеқашан мойындалған. Әлемдік деңгейдегі жазушыларға берілетін Франц Кафка атындағы Еуропалық алтын медальдің де иегері – осы даңқты жерлесіміз. Еркін күрестен спорт шеберлігін орындады. Осы кеште облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин жазушының домбырашылар оркестрінде күйші болғанын айтты. IMG_5530– Төлен Әбдік 20 жылға жуық уақыт мемлекеттік қызметті атқарды. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң Елбасы бірінші сапарын Түркияға жасады. Үлкен делегация құрамында мен де болдым. Ал зиялы қауым өкілдерінің арасынан Төлен Әбдіков еріп барды. Сол кезде Төкең шертпе күйді ортамызға төгіп, бәрімізді тағы бір мәрте таңқалдырды, – деп еске алды Кенжебек Үкіұлы.
Әрі қарай кеш тізгіншісі Еркін Таңатқанұлы мен Төлен Әбдікұлының сұхбаты өрбіді. Жазушы журналистің сұрағына тұщымды жауап беріп жатты. IMG_5534– «Парасат майданы» жазылмас бұрын санамда ұзақ жүрді. Өйткені айтар пәлсапаң қанша терең болғанмен, көркемдік сипатқа түспесе, ол әдебиет емес. Әдебиетте философия жан айғайы мен азабы түрінде берілуі керек. Сонда ғана оқырманды сілкіндіре алады. Өмір – күрес. Адамдар өзара алғашқы қауым тұсында алдымен жұдырықпен, таяқпен, найзамен күрессе, одан кейін мылтық, зеңбіректерді ойлап тауып, ақырында жаппай қыратын қарулармен соғысатын болды. Енді сол текетірес руханият әлеміне еніп, ақыл-ой, көзқарас соғысына, парасат майданына әкелді. Сол соғыс қазір санамызда жүріп жатыр. Бұл адам баласына үлкен жауапкершілік жүктейді. Жер бетіндегі зұлымдықты жеңу үшін, адам өзімен өзі күресуі тиіс. Сондай-ақ, ізгілік те, зұлымдық та өзіңнің ішіңде. Адамның өзін өзі жеңуі ең ұлы жеңіс болмақ. Сонда ғана жер бетінде шынайы адами тіршілік орнауы мүмкін. «Парасат майданының» айтар ойы – осы, – дейді Төлен Әбдік. IMG_5595Басқосу барысында Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов жерлес жазушыға ат мінгізіп, шапан жапты. Сондай-ақ, Төлен Әбдікұлына «Жанкелдин ауданының құрметті азаматы» белгісін тапсырды. толенЖазушының шығармашылық кеші туралы газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓