Қазақстандық нарыққа шығуды көздейді

Федеральды Саксония жерінің делегациясы астықты өңірге келді. Неміс мамандары біздің облыспен арада ауылшаруашылық техникаларын құрастыру саласы бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті. Қазақ-герман бірлескен технологиялық  форумы «Ауылшаруашылық өнеркәсібін жаңғырту» деп аталады. Маңызды бас қосуды «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырды.

762816675

       Жалпы, Саксония екі жүз жыл  бойы  Еуропадағы көлік құрастырудың орталығы болып есептеледі. Содан бері саксониялықтар үшін бұл сала негізгі өнеркәсіпке айналған. Мәселен, Германияда шығарылған әрбір оныншы көлік Саксония өнімі. Федеральды аймақта ауылшаруашылығына арналған басқа да көліктер құрастырылады.
        Неміс мамандарының Қазақ жеріне аяқ басқандағы мақсаты, екі жаққа да тиімді экономикалық байланыс орнату.
       -Біздегі кәсіпорындар үшін  өнімді тек Германия аумағында шығару аса тиімді емес. Сондықтан өзге елдердің де нарығына батыл еніп, өз тауарларымызды құндай білсек деген ниетпен келіп отырмыз. Қазіргі таңда бұл жағы Ресейде жақсы дамыған, Қазақстанда да осы қалыптастыру қажет,-дейді Саксония экономикасына ықпал ететін департамент өкілі, техникалық ғылымдардың докторы Манфред Либл.
         Жергілікті кәсіпорындардың жетекшілері мен неміс делегациясының кездесулері екі кезең бойынша өткізілді. Қонақтар алдымен өз елдерінде шығарылған өнімдерді жете таныстырып, одан соң Қостанайдағы бірқатар кәсіпорындарға бас сұқты. Біздегі өндіріс ошақтарының мүмкіндіктерін жан-жақты саралады. Келешекте тараптар өзара ықпалдастық туралы келісім-шартқа қол қоюуы әбден мүмкін.
         Германиялық делегация бұдан соң Алматыға аттанып, Каспий теңізінде мұнай өңдеу мәселелерін талқылау шараларына қатысады.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓