Р.Рымбаева: “Той әндері емес, лайықты хит керек”
"Славян базары" қазылар алқасының мүшесі, ҚР халық әртісі Роза Рымбаева Әmre-нің байқауға қатысқаны туралы әңгімелеп берді және әншінің мансабын қалай дамытуға болатыны жайлы пікірімен бөлісті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рымбаеваның айтуынша, Халықаралық "Славян базары" байқауының қатысушы саны мен географиясы кеңейген. Биыл сайысқа 21 өнерпаз қатысқан.
"Тыңдалымның бірінші күнінен-ақ байқаудың фавориттері анықталды. Біз олардан екінші күні жеңіске лайықты өнер көрсетуін күттік. Байқау басында жақсы сахналық көрсетілімімен көзге түскендер екінші күні ойдан шықпады, себебі турда орыс тілінде ән айту керек болды. Орыс тілінде әріптің дыбысталуы өте қиын. Көбі осы орыс тілді әннен шалынды. Бірақ фавориттер бәрібір өз орнында қалды", – деді Роза Рымбаева. Үшінші күні байқаудың таңдаулылары арасында румын орындаушысы, қазақстандық Әmre және Беларусь өкілі болған. Бірақ бұған дейін қазылар алқасы жиі сынға алып жүрген украин әншісі күтпеген жерден бұл қатарға қосылып кетті.
"Ұпай бойынша Қазақстан мен Румыния алда болған, екеуінің көрсеткіші бірдей болып шықты. Мұндай жағдайда қазылар алқасының төрағасы ұпай қосып, жеңімпазды анықтай алады. Байқауда солай болды. Бізде көп салғыласу болды. Әрине мен өзіміздің әншінің жағдайына уайымдадым, көп дауластым, Бас жүлдені екіге бөлуді сұрадым. Кейбіреулері мені қолдады, бірақ байқау ұйымдастырушылары олай жасауға болмайтынын айтты. Нәтижесінде қазылар алқасы төрағасы румын орындаушысына ұпай қосты, ал Әmre бірінші орын иеленді", – деді қазақстандық әртіс. Оның айтуынша, қазылар алқасы Әmre-нің әлі жас екенін және оны алда көп байқау күтіп тұрғанын, соның ішінде келесі жылы да "Славян базарына" қатыса алатынын басты назарға ала отырып, шешім қабылдағын.
"Көп жылы сөздер мен біздің әншінің болашағы зор және әлі деңгейін көтеруге уақыты бар екені айтылды. Бұл шындық. Менің ойымша, Қазақстандағы барлық жас орындаушының ішінде Димаш Құдайберген – жаңа құбылыс, музыкамыздың феномені. Ал Әmre Димаштан кейін екінші орында. Себебі Әmre өнер жолына енді қадам басып жатыр, ал Димаштың бұл тұрғыда тәжірибесі мол. Әmre-ге репертуарын толықтырып, көрермен көзін көбірек концерт беріп, жаңа, жақсы хиттерімен қуанту керек. Бірақ той әнімен емес. Оны той әртістерімен салыстырмау үшін, өзін жоғары деңгейде ұстауы керек", – дейді Роза Рымбаева.

Еске сала кетейік, Әmre лақап атымен өнер көрсететін қазақстандық әнші Ернар Садырбаев халықаралық эстрада әншілерінің арасында өтетін "Славян базары" байқауында бірінші орын иеленді.
Суреттер "Тенгри ньюс" сайтынан алынды