Кеншілер қаласы таңдау жасады
Бүгін заң талаптарына сай таңғы сағат 7.00-де Рудный қаласының аумағындағы 49 сайлау учаскесінде кезектен тыс президент сайлауы басталды. 



– Сайлауға қатысу-қатыспау – әр адамның өз қалауы. Мен үшін бұл азаматтық парыз. Елдің болашақ тағдыры қазақстандықтардың өз қолында екенін ұмытпаған жөн. Бүгінгі сайлау әділ өтуде. Ешкімді ешкім белгілі бір үміткерге дауыс бер деп үгіттеп жатқан жоқ, – дейді қала тұрғыны Іңкәр Жетпісбаева.
Еске сала кетейік, сайлау кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Ал кеншілер қаласы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 86 мыңға жуықтайды.
Қуаныш Есқабыл