Соңғы сапарға Қостанай жұртшылығы Валентин Двуреченскиймен қоштасты
Газетімізде бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қостанай облысының құрметті азаматы Валентин Иванович Двуреченскийді Қостанай жұртшылығы ақтық сапарға шығарып салды.
Е.Өмірзақов атындағы филармонияда өткен қаралы митингті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов жүргізді. Ол ауыл шаруашылығы ғылымының білгір маманы Валентин Двуреченский туралы айтып, бұл қаралы жиынға атпал азаматтың қазалы қайғысына ортақтасып арнайы келген қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, достарының, замандастарының қатысып отыр-ғанын баяндады.
Содан соң өңір басшысы Нұралы Садуақасов, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омар, шаруа қожалық иелері Ибраш Естаев, Олег Даниленко сөз сөйлеп, отбасына көңіл айтып, Валентин Иванович Двуреченскийдің жарқын бейнесі әрдайым жүректе сақталатынын жеткізді.