“Мектебім менің, мектебім”
Қостанай қаласы әкімдігінің күн тәртібіне қойған мәселесінің бірі – мектептерді жаңа оқу жылына мұқият дайындау болатын. Соған байланысты жаз бойы игі істер атқарылды. Бұлар – мектептер мен бала бақшаларын күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары.
– Әдеттегідей жөндеу жұмыстарымен қатар нысандардың санитарлық-техникалық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылады. Аулаларды көріктендіруді де ұмытпаймыз, – дейді қалалық оқу бөлімінің басшысы В.Цымбалюк .
Алдымен оқу кабинеттеріне косметикалық жөндеу жасау қолға алынды. Спорт залдар қалпына келтірілді. Мектептер мен балабақша ғимараттарының аулалары көгалдандырылды. Гүлзарларда түрлі гүл-дер өсірілді. Аллеялар және газондар пайда болды.
Жаңадан көшеттер отырғызылды. Тамыз айының басына дейін отырғызылған ағаш саны бес жүзден асты. Он мың шаршы метр жерге газондар жасалып, бес мың шаршы метр жерге гүл егілді.
– Мектептердің ауласында жаңадан демалыс орындары ашылды. Шағын сәулетті демалыс орындары заман талабына сай, – деп түсіндірді Василий Цымбалюк.
Қаладағы жалпылай білім бе-ретін екі мектепті күрделі жөн-деуге 364,69 миллион теңге қа-растырылды. Соның ішінде №3 мектепке 162,27 миллион теңге, мектепке дейінгі мекемелерді күрделі жөндеуге 202,42 миллион теңге жұмсалды.
Нысандарды күрделі жөндегенде сапалы болуы көзделді. Соған орай оқу жылы аяқталысымен қалалық білім беру бөлі-мі арнайы жоспар жасады.
Бұл дұрыс шешім. Себебі, күрделі жөндеумен қамтылған нысан жарқырап тұруы керек.
Сонымен қатар, 2017 жылға дейін он екі жалпылай білім беретін мектепті күрделі жөндеу мақсат етілуде. Бөлінген қаржы төрт миллиард теңгеден астам.
Алдағы уақытта №7, №14, 21, 115 мектептерге бөлінетін 1,547 млрд.теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. №4 және 5 балабақшасын қайта қалпына келтіруге 869,1 миллион теңге қажет. Айта кету керек, белгіленген жобалар осы күннен бастап талқыланып, зерттелуде.
Мектептерге ағымды жөндеуге қанша уақыт кетті? – деп сұрадық қалалық оқу бөлімі басшысынан.
– Бұл жұмыс шапшаң жүргі-зілді. Тамыз айының біріне дейін барлық мектеп ағымды жөндеуден өткізілді, – деп жауап қайырды В.Цымбалюк.
Оның айтуынша, қаладағы білім беру нысандары бұрыннан да сапалы жөнделген. Мектеп басшылары, педагогтар білім беру ұясын күтіп ұстауға мән береді. Он бес жалпылай білім беретін мектепке қырық сегіз миллион теңге, жеті балабақшаға жиырма бес миллион теңге қаржы жұмсалды.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы В.Цымбалюк тамыз айында әкімдік аппаратының кеңесінде есеп берген болатын. Сонда басшы ағымды жөндеу жұ-мыстары бойынша күн тәртібіне қойылған ерекше мәселелер туралы әңгімеледі. Нысандардың төбесін жөндеп, сумен қамтамасыз ету және канализацияларды қалпына келтіру қатаң бақылауға алынғанын тілге тиек етті.
Мектептердегі жылу жүйесіне де көңіл бөлінді. Бұл істер сапалы атқарылды. Білім беру саласы бойынша жылу жүйесі уақы-тылы тексеріліп, тиісті техникалық акт жасалды. Чапаев мектебі қатты отынмен жылытылады. Соны ескеріп, 150 тонна көмір бір миллион теңгеге сатып алынды.
Кәсіби мамандар қатарын толықтыру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Қаладағы 1675 мұға-лімнің – 56,3 пайызы жоғары және бірінші санаттағы педагогтар. 2012 жылдан бері педагогтар "Назарбаев зияткерлік мектебі" ашық акционерлік қоғамының Кембридж бағдарламасы бойынша ұйыдастырылған үш деңгейлік курстарда білімін жетілдірді. Бір жүзден астам адам сертификат алды. Тағы да тоқсан бес педагог білімін жетілдіреді.
Сертификаттар ар-қылы мұғалімдердің еңбекақысына отыздан бір жүз пайызға дейін қосымша ақша қосылады.
Ерекше ескерілетін мәселенің бірі – оқушыларды оқулықтармен, компьютермен қамтамасыз ету. Бүгін-де он тоғыз оқушыға бір компьютер тиесілі. Облыс бойынша бұл көр-сеткіш он төрттен аспаған. Дегенмен, он жылдан асты компьютерлерді жаңарту қолға алынбады. Бұл мәселені шешуді заман талап етуде.
Оқушыларды ақы-сыз оқулықтармен қамту шешімін тапты. Бұған бюджеттен 56,1 миллион теңге жұмсалды. Әлеуметтік жағынан қорғалатын оқушыларға жалпылай білім беру қоры арқылы оқулықтар ақысыз бе-ріледі.
Бастауыш мектеп оқушыларын ақысыз тамақтандыру, компьютермен қамтамасыз ету мұнан үш жыл бұрын арнайы жоспарға енгізілген болатын. Жоспарды жүзеге асыру мақсатымен оны 2015 жылға дейін кезең-кезеңімен қаржыландыруға 451,7 миллон теңге қарастырылды.
Тамыз айының басынан Қостанайда еліміз бойынша кең қанат жайған "Мектепке жол" акциясы бастау алды. Акция қыркүйек айының аяғына дейін созылады. Дәстүрлі шарамен тұрмысы төмен отбасы балалары қамтылады. Былтыр бір мыңнан астам бала материалдық көмек алды. Он екі миллион теңге тартылған қаржат қорын толықтырды. Үстіміздегі жылы көмекке мұқтаж балалар саны 1166-ға жетті.
Қаладағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аталған акцияға белсене қатыспақ.
Суреттерде: Қостанай қаласындағы күрделі жөндеу жүргізілген № 3 орта мектепте.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.