“Тобыл” футбол клубы сатылады
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы қазан айында сатуға қойылады. Бұл туралы Қостанай облыстық қаржы басқармасының басшысы Сауле Аймұхамбетова брифингте хабарлады.
«Тобыл» ФК жекешелендіруге жататын нысандардың бекітілген тізіміне енді. Қазіргі таңда клуб мүлкін бағалау жүргізіліп жатыр. Қазан айында сатуға шығарылады», – деді басқарма басшысы.
2016 жылы Қостанай облысында 20 мекеме жекешелендірілуі тиіс. Қазіргі таңда 214,4 млн теңгеге 8 мекеме сатылған.