Көркемдік кеңес құрылмақ

 «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен өңір композиторларының бірінші жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – көркемдік кеңес құру және 2020 жылға жоспарланған іс-шараларды талқылау, сонымен қатар, жылына екі мәрте концерт ұйымдастыру, жас композиторларға семинар, шеберлік сағаттарын өткізу, жаңадан шыққан әндерді насихаттап телеарналарға, радиоға шығару. fullimage3-Негізі, бұл жақсы бастама. Қазір әркім өз бетінше жүр. Тиісті бақылау жоқ. Енді соның орны толмақ. Алдағы уақытта арнайы көркемдік кеңес құрылатын болды. Ол әуесқой композиорлардың әндерін талдап, бағыт-бағдар беріп отырады. Қазір газеттерде, телеарналарда  кез келген әнді  нотасымен жариялау үрдіске айналып барады. Оның сапасы қандай? Ол жағы ескерілмейді. Жиында осыған тоқтау салу туралы сөз болды. Өйткені, қайсыбір  әнді жариялау үшін  көркемдік кеңестің рұқсаты керек. Радио, телевидение, газеттерге сосын басылуы шарт. Бұл орынды ұсыныс. Екіншіден, жас композиторлардың кешін өткізіп, ноталарын жинап кітап шығару ойда бар, – дейді Қазақстан Композиторлар одағынының мүшесі Қалибек Деріпсалдин.
        Кеңесте авторлық құқық туралы мәселе де бой көтерді. Қазір облыста жиырма шақты композитор осы ұйымға мүше. Әлі де өтем деушілер бар көрінеді.
     Басқосуға  Бақытжан Мұқашев, Аманкелді Досжанов, Қажымұрат Баймусин, Азамат Мұқатов, Бағдат Оспанов  және облысқа танымал басқада өнер шеберлері қатысты. Жиын барысында көркемдік кеңестің жетекшілігіне  Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі, композитор – Азамат Мұқатов  сайланды. Оның көмекшісі болып  Алтынсарин аудандық мәдениет үйі директорының м.а.Бағдат  Оспанов  сайланды. Ол  аудандық композиторлармен жұмыс істемек. Игі бастамаға белгілі композитор Бақытжан Мұқашев сәттілік тілеп, батасын берді. 
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓