Жаңа аялдамалар
Қаладағы жолаушылар автобусы тоқтайтын аялдамалар саны төрт жүзден астам. Солардың көпшілігінің құрылысы ескі. Қостанайдың көркіне жаңа аялдама құрылысы үйлесім тапса, қандай жарасымды.
Бұл мәселе кезінде күн тәрті-біне қойылды. "Сити-форматты" аялдаманы орнату қолға алынды. Оған он миллион теңге жұмсалады.
Абай даңғылымен бірнеше жолаушылар автобусы жүреді. Мұндағы жаңа аялдама – павильондары аса сәнді. Төбесі шынылы әйнекпен жабылған, қос панельді қоршау іші жолаушының автобустарды күтуіне қо-лайлы.
Павильонның артқы плакат-қабырғасы қаланың көрінісін бейнелейтін суреттерге толы. Жапсарлас плакаттан да түрлі суреттерді көре аласыз. Қос плакаттың жарнама беттері "Скроллерлі" жүйе сәулесімен жарқырап, адамды қызықтырады. Сәуле жарығы екі секундтан екі минутқа дейін созылады. "Сити-формат" атанған плакаттар жолаушыларға жарнамалық хабарлар береді.
"Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Абай даң-ғылында бүгінде он павильонды жабдықтап үлгерді. Соның екеуі индустриалды-педагогика колледж аялдамасына, біреуі Ішкі Істер министрлігінің Қостанайдағы Академия аялдамасына, біреуі "КЖБИ" аялдамасына орнатылған. Аялдама – павильондарға жарнама агенттігі қызмет жасайды.
Суретте: жаңа павильонның көрінісі, міне, осындай.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.