Жас келсе – іске

Аптаның алғашқы жұмыс күнінде  аймақ басшысы билік және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен аппарат жиынында жастар мәселесін көтерген еді. Осы бағыттағы есебімен мінбеге көтеріл-ген Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жетекшісі Әлия Сапарова атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті. “Жас Отан” жастар қанатының ең алғашқы съезінде Елбасымыздың бастамасымен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесі құрылды. Қысқа мерзім ішінде аталған ұйым өзінің өміршеңдігін көрсетті. 2012 жылы кеңес мүшелері жер-жерлерге шығып, түрлі деңгейдегі мекеме, кәсіпорын ұжымдарымен кездесулер ұйымдастыру арқылы жастар мәселесін шешуге кіріскен болатын. Десек те, кейбір  аудан-қала басшылары айтулы шараға немқұрайлы қарап, оның маңыздылығына мән берген жоқ.  Осы тектес олқылықтардың салдарынан, әлі күнге дейін жастар мәселесінің мардымсыз шешіліп жатқанын аңғару қиын емес”, – дейді ол.

Үстіміздегі жылы Қарабалық, Әулиекөл, Меңдіқара іспетті аудандарда  жастарға ерекше назар аударылған. Жас мамандарды қолдау, жұмыспен қамту және біліктілігін арттыру мақсатында, билік пен кәсіпорындар араларында меморандум қабылданған. Арнайы курстар ұйымдас-тырылып, біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болғандарды жұмыспен қамту жағы қарастырылыпты.

Жалпы алғанда, 2014 жылы Қостанай облысындағы жастар-ға қатысты бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында 169,5 млн. теңге бөлініпті. Қаржының былтырғы жылмен салыстыр-ғанда  53,5 млн. теңгеге артық екенін айта кеткен жөн. Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды әңгіме арқауына айналдырды. “Қостанай облысындағы тұрғындардың 30 пайызын  29-ға дейінгі жастар құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, жастарды біліммен, жас отбасыларды баспанамен қамту үшін бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Болашақта осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады”, – дейді Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов.

Жұматай

      Кәкімжанов

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓