Мерекелер қалай өтеді?

Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов алдағы мерекелік күндердің өтуі барысында БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Сонымен алғашқы бастама – 6 мамыр күні Жеңістің 69 жылдығына арналған “Костанайские новости” газетінің жүлдесі үшін жүгірістен жарыс өтеді. Бұған барлық бұқара халықтың қатысатындығын да мәлімдеді.

7 мамыр күні өңір басшысы Нұралы Садуақасовтың қатысуы-мен Жеңіс саябағында “Жас патриот” әскери-патриоттық клубы слетінің ашылу салтанаты болады. Оған аймақтағы әскери-патриоттық клуб мүшелері, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, қорғаныс департаментінің, төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері, ауған соғысының ардагерлері және жастар ұйымдарының мүшелері қатысады.

9 мамырда орталық алаңда Жеңістің 69 жылдығы құрметіне орай мерекелік шеру болмақшы. С.Бектұрғановтың айтуынша, бұл шараға ұйымдастыру комитеті қызу дайындық үстінде екен. Жаңашыл түрлендіріп әспеттеу үшін барларын салып жатқан көрінеді.

– Бірақ, бұрынғыдай әскери шеру болмайды, – деді С.Бек-тұрғанов. – Себебі, мұндай шеру кең көлемде Елордамыз – Астанада өтеді. Сонда да біз көптің көңілінен орын алатындай тың ойларды іске асыруға тырысып жатырмыз.

Одан әрі С.Бектұрғанов театр-ландырылған көріністің болатындығын, мерекелік шеруді орталықтағы үлкен экраннан “Кабелді жүйе” арқылы тікелей көрсететіндігін, Жеңіс саябағында дәстүрге сай солдат ботқасы берілетіндігін,  кешқұрым жер-гілікті өнер майталмандары концерт қойып, соңы отшашуға ұласатындығын баяндап берді. Бұл күндері Әл-Фараби мен Баймағамбетов және Баймағамбетов пен Победа көшелерінің жол қиылысы уақытша жабылатындығын ескерте кету керек. Мерекелік шеруден кейін көшелер қайтадан ашылады.

Нұрболат  

         МЕШІТБАЕВ

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓