Қостанай қаласының әкімі орнын босатты
Бүгін облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың үкімімен Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметінен босатылды. Қала әкімінің орынбасары Қайрат Сәндібеков аталмыш қызметті уақытша атқаратын болады. Бұл ақпаратты облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.