Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қостанайлықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Бүгінгі бақытты өмірге жеткізген ардагерлерімізге денсаулық, бақытты ғұмыр тілеймін, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын орталарыңызды ортайтпай қарсы алатын күнге жетіңіздер!
Жастарымызға айтарым ата-бабалардың ерлік істерін, отансүйгіштік қасиетін санаға сіңіріп, ардагерлерімізді ардақтай біліңдер!
Барлықтарыңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Кенжебек УКИН,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күні – жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымыз-ға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Қымбатты жерлестер! Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін.
Құрметпен, С.Ещанов,
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы.
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – күнтізбенің атаулы күндері арасында ерекше орын алатын ұлы күн! Ұмытылмас ерен ерлік туралы қасиетті естелік барлық қазақстандықтарды біріктіреді. Жеңіс күні біз бейбітшілік үшін майдан даласында, тылда аянбай ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың алдында бас иеміз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген, сындарлы саясатының арқасында Қазақстан өзінің ішкі саясатында бейбітшілік пен келісімді ту етіп, әлемде бейбітшіліктің орнауына септігін тигізуде.
Осы мереке күні сіздерге ашық аспан, зор денсаулық, еңбекте жеміс, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!
С.Ещанов,
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы.
Құрметті ардагерлер мен әскери қызметшілер!
Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл мерекелер батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы. Қымбатты қостанайлықтар! Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілейміз! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!
Ізгі тілекпен,
Римма Бектұрғанова,
“Нұр Отан” партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қостанай облысы әділет департаментінің басшысы
Е. Әбдірахманов.