Тұңғиық тартты…
3 маусымда Лисаков қаласының 17 жастағы жеткіншек суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол Тобыл өзеніне рұқсат етілмеген жерде шомылмақ болған. Оқиға 16.00-де болып, құтқарушылар жасағы шамамен екі сағаттан соң мүрдені тұңғиықтан жағаға алып шықты.