Ғаламтор алаяқтарынан сақ болыңыз!

Виртуалды алаяқтың қақпанына түскендердің бірі – Таран ауданының 27 жастағы тұрғыны. Азаматша әйгілі сайттардың бірінен металл іздегіш сатылатыны туралы хабарландыруға назары ауған. "Сатушымен" байланыс орнатып, шотына 61 мың теңге аудара салып, тауарын күтіпті. Бірқыдыру уақыттан кейін алданғанына көзі жетіп, тәртіп сақшыларына арыз түсірген. Жедел тергеу жүргізу барысында полицейлер 43 жастағы қостанайлық азамат күдікті ретінде қолға түсті. алаяк

Ал, Арқалық қаласында ғаламтор арқылы тауарын өткізбекші болып, сан соғып қалған 46 жастағы әйел полицейлердің көмегіне жүгінді. Киім-кешек сатумен айналысатын азаматша өзінен 17 және 16 жастағы қыздар 25 мыңға шақтап киімдер алып, төлемей кеткен. Қазіргі уақытта айыпкер тарап кінәларын мойындады. Ата-аналары берешекті өтеуге уәде беріп отыр. 

Жыл басынан бері облыс көлемінде 148 әртүрлі алаяқтық қылмыс тіркелген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓