Егіс жұмыстары аяқталды
Қостанай облысында егіс науқаны аяқталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлайды.Диқандар биыл 4,7 млн гектар алқапқа дән сіңірді. Оның 4 млн гектары астыққа, қалғандары бұршақ дәнділер мен майлы дақылдарға тиесілі. Айта кету керек, биылғы ауа райының қолайлылығы шаруаларға дала жұмыстарын ерте бастауға ғана емес, әдеттегі мерзімге жеткізбей аяқтауға мүмкіндік берді. Тұқым себу жұмысынан бел жазған диқандар енді шамалы үзілістен кейін егістіктерді күзге дейін күтіп-баптау жұмыстарына кіріседі.