Әйел апат салдарынан көз жұмды
Қостанай қаласында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 51 жастағы әйел қалалық ауруханада көз жұмды.Аталмыш аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, көлік қаққан әйел ауыр жарақат алған.
"Дәрігерлеріміз оның өімірін өлімнен арашалап қалу үшін ұзақ уақыт күресті, алайда жарақат аса ауыр болды. Өкінішке қарай, ол бүгін көз жұмды", – деді бас дәрігер С.Шүменбаев.
Естеріңізге салайық, 2 қараша күні №15 дүкен маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында 51 жастағы әйелді «Lexus» көлігі соғып кеткен еді. Апаттан соң жапа шегуші ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген еді.