Қызметтік лауазымын пайдаланып…
ҚР мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде өткен кезекті тәртіптік кеңестің отырысында бірнеше мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік іс қаралды.
Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының» директоры А.Шамурина орталықта жұмыс істеймін деген тұлғалардан сыйақы алып отырған. Сондықтан да орталық директорының іс-әрекетінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың белгілері анықталды. Ол Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 13-бабының 1) тармақшасында қарастырылғандай, өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, жеке тұлғалардан ақша түрiнде сыйақы қабылдады. Тәртіптік кеңес А.Шамуринаға қатысты тәртіптік істі қарап, атқаратын қызметінен босату туралы түріндегі ұсыным шығарды.
2015 жылғы 7 қарашада департамент облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының жол-күзет қызметі қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қостанай қаласында алдын алу шарасын өткізген-ді. Осы шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызмет автокөлігін өзінің жеке басына пайдаланатындығы жөніндегі фактілер анықталды. Мәселен, қызмет көлігін Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Г. Ахметчин растайтын құжатсыз және іссапар куәлігінсіз жүргізді. Қазақстан Республикасы қызметшілерінің ар-намыс Кодексінің 5-тармақтың 19) тармақшасында қарастырылғандай, этикалық нормаларды бұзғаны үшін, тәртіптік кеңес Г. Ахметчинге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту ретінде жаза салу қажеттігі жөнінде шешім қабылдап, ұсыныс жасады.
Сол секілді Қамысты аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жетекшісі Ю. Михалевқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Бөлім жетекшісі өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, «Куандык-К»ЖШС мердігерінің 473 дана су есептейтін есептеуішті (құралын) орнатпағанын біле тұра жұмыстың орындалғаны жөніндегі актіге қол қояды. Біле тұра әдейі істеп, өз бетінше ақша қаражатын аудару туралы заңсыз шешім қабылдайды. Бөлім басшысы Ю. Михалевтың іс-әрекетінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасалып, құқықбұзушылықтың белгілері бар деп анықталды. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 12-бабы 1-тармағының 4,5 тармақшаларында қарастырылғандай, шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды тұлғаларға заңсыз артықшылықты және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген жәрдемді көрсетті. Тәртіптік кеңес Ю. Михалевтің кінәсінің(айыбының) ауырлығын ескере отырып, атқаратын қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Осы тұрғыдағы ұсыныс Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім жетекшісі Л. Ульяноваға шығарылды. Ол құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмағандығы бар болса да жұмыс комиссиясының объектіні тексеру туралы қорытындысына оң деп қол қойып, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқықбұзушылыққа жол берді.
Гүлназым САҒИТОВА