Жымқырғаны – 100 жиектас
Қостанайлық кинолог-полицей "Арлан" атты қызметтік итімен ұрлық ізін суытпай ашты.Қостанай ауданының полиция бөліміне Заречный кентінде Северный шағынауданынан белгісіз тұлға 100 дана жиектасты (бордюр) ұрлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел тергеу тобының құрамында кіші инспектор-кинолог аға сержант Ерлан ЕРМАҒАМБЕТОВ қызметтік-іздестіру итімен шықты.
Полиция қызметкері қылмыстың мән-жайын зерделеп, ҰҚҚ қолданған. "Арлан" атты ит із алып, "Притобольский" саяжай қоғамына дейін 400 метрге жуық соқпақпен жүрді. Бұл жерде полиция қызметкерлері ұрлықшы 27 жастағы ер адамды анықтап, қолға түсірді. Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды.
сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде.

Айгүл Балғабаева,
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі