Болашаққа бағыт болған

AbdirahmanovҚазақстандықтар әр жылда Елбасының халыққа арнаған Жолдауын күтеді. Мемлекет басшысының әр үндеуінен жаңа дем, тың серпіліс сезіледі. Елбасы Жолдауында нақты қадамдар мен  атқарар ауқымды істерді айқындап, жол көрсетіп отырады. Биылғы жылы да кезекті Жолдау еліміздің дамуына бағытталып отыр. Жолдаудан кейін әрбір қазақстандық лебіздерін, пікірлерін білдіріп те жатыр. Осы орайда біздің де айтарымыз бар.
Көшбасшымыз ұсынған "Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдаумен барлық қазақстандықтар танысты. Елге жолдаған үндеуде барлық сала қамтылып отыр. Әлеуметтің    әлеуетін арттыруға негізделген нақты жұмыстар жүйелі түрде көрсетілген. Елбасы шағын және орта бизнесті назарға алды. Кәсіпкерлікке кең өріс беріліп, кедергілер жойылуда. Еңбек етем деген әр адам мемлекеттің қолдауына ие болып, нәсібіне қарай кәсібін дамытуда. Елбасы: "Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге бөлу қажет" деді.
Елді елең еткізген мәселе – баспана жайы. Қазақстандықтар үшін тұрғын үй қолжетімді болу үшін бұған дейін де түрлі бағдарламалар жүзеге асып, жұмыс істеген еді. Осының ар-қасында баспаналы болғандар да баршылық. Елбасы Жолдауында игі іс одан әрі қарқын алып, халыққа жеңіл әрі тиімді болуы үшін нақты тапсырмалар жүктеді. Ендігі уақытта  Президенттің бас-тамасының арқасында пәтерлі болу айтарлықтай жеңілдер деген сенімдеміз. Себебі, баспана көптің жанын қинаған ең бір өзекті мәселе болып отыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше екпін сала айт-қан  салмақты түйткілдердің бірі аурухана мен мектеп мәселесі. Бүгінде елімізде білім ошақтары мен ауруханалар көптеп бой көтеруде. Бұл әсіресе ауылдықтар үшін қандай көмек екені белгілі. Енді бұл жұмыс одан әрі ұлғайып, дами түспек. Заманауи кейіптегі яғни, жаңа медициналық құрылғылармен жабдық- талған ауруханалар аудан-қалаларда салынары сөзсіз. Үш ауысыммен оқитын мектептер елімізде әлі де бар. Енді ондай қиындыққа жол берілмейтін болады. Балабақшалардың да қатары артып, кезекте тұрған   балғындар балабақшада тәр-биеленеді.
Елбасы аймақтарды бір-бірімен жалғап жатқан күре жолдарды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа бағыттағы жолдарды салуды тапсырды. Сәйкесінше, алыс-жақында орналасқан ағайын арасындағы барыс-келіс әлде қайда жеңілдемек. "Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара" деп бекерден айтпады. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен тығыз байланысып жатқанын құптады. 
Қазіргі таңда алда ауқымды белестер тұр. Жауапты шақ – жаһандық ЭКСПО көрмесі. Сары-арқа төрінде өтетін шара әлем назарында. ЭКСПО кешенінің құрылысына 25 миллиардқа қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Әлемдік маңыздылығы мол көрмені жоғары деңгейде өткізу үшін Астана қаласы көркейе түспек.
Және ең маңыздысы ынтымағы жарасқан елдің ырысы артар. Келер жылы  Қазақстан халқы Ассамблеясының құрыл-ғанына 20 жыл толады. Оның үстіне Ата заңымыз да сол мерейлі датаға жетпек. Бұның барлығы татулығы жарасқан Қазақ елінің, Мәңгілік елдің мәртебесі.
Жолдау қолдау тауып, ел ертеңі жарқын, болашағымыз баянды болсын деп тілейік.
Е.Әбдірахманов,
Қостанай облыстық әділет департаментінің басшысы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓