Ауыл шаруашылығының ахуалымен танысты

Бүгін өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров бірқатар агро-өнеркәсіп нысандарын аралады.
Алдымен министр орынбасары ірі сүт «Милх» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіру зауытына барды. Негізі 1998 жылы қаланған өндіріс ошағы жылына 75 мың тонна өнім өндіретін қауқары бар. Пастерленген сүт, айран, сүзбе, балмұздақ, ірімшік бастаған 70 түрлі өнім түрін шығаратын кәсіпорын 2017 жылы 1,3 млрд теңге инвестициялады. Италиялық, германиялық озық құрал-жабдықтар мен аппараттар өнімді сапалы шығарып келеді. Қазіргі таңда 12 мыңнан астам ауладан сүт қабылдайды. «Милх» серіктестігінде 600 адам еңбек етуде.

IMG-20190603-WA0083

Бірінші вице-министрдің келесі барған нысаны өңірімізде ғана емес, республикада ірі кәсіпорын саналатын «Жас-Қанат 2006» ЖШС. Қазір құс фабрикасы жаңғырудың үшінші кезеңін жүзеге асырды. Бүгінгі күні жылына 270 миллион дана жұмыртқа өндіретін қуатты өндіріс ошағы цифрландыру бағдарламасын қарқынды түрде қолға алған. 90 пайыздық автоматтандыруға қарамастан, жұмыс орындары сақталып, тіпті, бұрынғыдан артқан. Қазір бұл жерде 500-ден астам жұмысшы еңбек етеді.
«Олжа Садчиковское» ЖШС – министр орынбасарының келесі барған нысаны. Ауыл шаруашылығының егін, мал, көкөніс саласын түгел қамтыған серіктестіктің сүтті-тауарлы фермасы мен мал сауу цехында болған Айдарбек Сапаров ондағы жетістіктерді көзімен көрді. Сүт, ірімшік, айран-қатықтың түр-түрін өндіретін кәсіпорын директоры Әуез Ағдәулетов қазіргі уақытта бір сауын сиырынан жылына 6000 литр (тәулігіне 20 литр) алынатынын айтты. Вице-министр мал азығын құнарландырып, алдағы жылдары әр сиырдан сүтті 8-9 мың литрге жеткізуге күш салуға тілектестік білдірді.
IMG-20190603-WA0094
Алтынсарин ауданы Силантьев ауылдық округінің «Темте» ЖШС егіс алқабында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен кездескен министр орынбасары шаруалардың сұрақтарын, түйткілдерін тыңдады. Көп фермерді субсидиялау көбірек толғандырады. Әсіресе, бидай тұқымының элиталық түріне мемлекет тарапынан жеңілдік болса дейді. Бұдан бөлек, ара өсіру шаруашылығына қатысты сұрақ қойылды. Айталық, ара шырынды мал азығы егістігінен жинайды. Өсімдік енді гүлдеп, шырынды мол беретін мезгілде оны комбайндар шауып алып кетеді. Бұл омарташылар қалтасы үшін үлкен салмақ. Егістіктің бір бөлігін ара шырын жинау үшін қалдыруға болмай ма деген өтініш білдіріп жатты.
dav

dav

– Бүгін мен ауыл шаруашылығындағы мәселелерді сіздерден тыңдап, ол мәселелер жөнінде өздеріңізбен ақылдасу үшін әдейі келдім. Білемін, қордаланған, түйінді мәселе баршылық. Олардың барлығын министрлік, үкімет, парламент қабырғасына жеткізіп, ең оңтайлы ортақ мәмілемен шешетін боламыз. Ол қалыпты жағдай. Себебі, жыл өткен сайын жаңару үстіндеміз. Ол үшін заңнамаға, ережелерге өзгерістер енгізуге тура келеді. Біз өзгерістерді кабинетте отырып алып жүзеге асырмаймыз. Бұған дейін де көптеген өзгерістер өздеріңіздей шаруалармен кеңесіп барып қолға алынып келеді. Жалпы, ауыл шаруашылығы соңғы жылдары көп даму сатысына көтерілді. Бұл салаға мемлекет қыруар қолдаукөрсетіп келеді. Дегенмен келешекте субсидия алынып қалуы мүмкін. Оның орнын басқа да жеңілдіктер баса береді, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.
dav

dav

 

IMG-20190603-WA0087

IMG-20190603-WA0088

IMG-20190603-WA0089

IMG-20190603-WA0095

dav

dav

dav

dav

IMG-20190603-WA0094

 

Суреттерді түсірген автор және Б.Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓